Музыка болмаса да, кроссовка бар: Канье Уэст жаңа альбомын шығармағандықтан, Yeezy брендінің танымалдығы 347%-ға өсті
Мұны Google-дағы сұраныстарды есептеген америкалық ретейлер анықтады.
Танымал рэпер Donda атты жаңа альбомының шығатыны жайлы 23 шілдеде Атланта стадионында жариялаған еді. Алайда релиз әлі күнге дейін кейінге қалдырылып келеді. Тіпті Каньеның жанкүйері осыдан бір апта бұрын аштық жариялап, альбом шықпағанша нәр татпайтынын айтты. Ал рэпердің өзі жаңа туындысын аяқтамағанша, Атлантадағы стадионнан кетпейтінін жариялады.
Дереккөз: Hyperbeast