Музыка біріктіреді: Енді Tinder-де сүйікті әуен арқылы жұп табуға болады

🔬 Наука и технологии
10.12.2021
Просмотров: 101

Танысу қосымшасы қолданушылардың профиліне сүйікті музыканы жүктеу мүмкіндігін іске қосады.

Яғни, жұп іздеу барысында басқа қолданушының анкетасына кірген кезде бірден оның сүйікті әуені ойнай бастайды.

«Музыка адамның ішкі өмірін көрсетеді. Сондықтан бұл функция алғашқы сәттен-ақ сезімді оятуы мүмкін»,

-деп атап өтті жаңа функцияның әзірлеушілері.

Әзірге жаңа функция тестілеуден өтіп жатыр. Айта кетейік, Tinder әлемдегі ең танымал қосымшалардың бірі. Қазір онда 57 млн-нан астам анкета тіпкелген.

Дереккөз: Daily Mail 

Метки: Tinder

Так же вам может быть интересно