«Мумия» фильмінің жұлдызы Брендан Фрэйзер жаңа рөл үшін танымастай өзгерді
Көк көзді сүйкімді актер «Кит» атты картинадағы түсірілімдер үшін ондаған келі салмақ қосқан. Өйткені 52 жастағы актер онда салмағы 270 келі кейіпкердің рөлін сомдайды.
Фильмді «Қара аққудың» режиссері Даррен Аронофски түсіреді. Брендан рөл үшін сымбаттылығын құрбан етіп, салмақ жинаған жалғыз актер емес. Мысалы Рене Зеллвегер «Бриджит Джонс күнделігіндегі» рөл үшін айтарлықтай толған, ал нағыз хас сұлу Шарлиз Терон «Монстрда» түсу үшін 14 келі салмақ қосқан.