Моника Беллуччи жаңа рөл үшін танымастай өзгерді
Сұлулығын бүкіл әлем мойындаған актриса ақ шашты, сыпырғыш ұстаған мыстанның кейіпіне енді!
56 жастағы Беллуччи италиялық ертегідегі Долорес есімді мейірімді сиқыршының рөлін сомдайды. Моника XVIII ғасырға сәйкес қатқыл матадан тігілген, ыңғайсыз көйлек киген. Түсірілімдер Римде өтіп жатыр. Кинокартина жылдың соңында шығады деп күтілуде. Бұрын тек мінсіз сұлулардың рөлдерін сомдаған Моника көпшілікті таң қалдырды. Десе де, Мониканың сұлулығын көріксіз киім де, грим де жасыра алмайды!