Миллиардерлер шайқасы: Джефф Безос бірер сағатқа ең бай адам атағынан айырылып қалды

🌐 В мире
25.05.2021
Просмотров: 105
безос арно

Джефф Безосты Louis Vuitton басшысы 72 жастағы Бернар Арно басып озды.

Бір күннің ішінде Арноның байлығы 800 миллион долларға артып, $186 миллиард 300 миллионға жеткен. Алайда бұған шүкіршілік етіп отырған Безос жоқ. Бірер сағат өтпей-ақ Amazon басшысының дәулеті $188 миллиард 100 миллионға жетіп, Безос әлемдегі ең бай адам атағын қайтарып алды. Миллиардерлердің үздік бестігіне Илон Маск, Билл Гейтс және Марк Цукерберг кіреді. Айта кетейік, бұдан бұрын Илон Маск та Безосты басып озған еді. Ол кезде Amazon басшысына атағын қайтарып алу үшін үш күн қажет болды.

Дереккөз: Forbes

 

 

 

 

Так же вам может быть интересно