Миллиардер Ричард Брэнсонның компаниясы ғарышқа билеттер сатып жатыр
Virgin Galactic туристерді ғарышқа жіберуге рұқсат алып қойған. Ғарыш кемесіндегі бір орынның құны 450 мың доллардан басталады.
Шілдеде алдын ала тапсырыс берген 600 адам билеттерді жеңілдікпен 200-250 мың долларға сатып алған еді. Келесі сапар қыркүйектің аяғына жоспарланған. Еске салайық, 11 шілдеде 70 жастағы миллиардер Ричард Брэнсон 5 жолаушымен бірге ғарышқа ұшты. Кеме 80 шақырым биіктікке көтеріліп, экипаж бірнеше минут бойы салмақсыздық күйінде болған.
Дереккөз: TJournal