Мессидің туған қаласында Қазақстан мен Аргентина достығына арналған монумент орнатылады

🇰🇿 Новости Казахстана
22.02.2024
Просмотров: 183

Росарио қаласындағы Қазақстан Республикасы алаңында биіктігі алты метрлік «Alma del Río» монументі пайда болады. Бұл 2019 жылдан бері бауырлас қала атанған Алматы мен Росарио арасындағы ерекше байланыс пен достықтың символы.

Алма пішіндес монументтің атауы «Alma del Río» қазақшаға «Өзеннің жаны, рухы» деп аударылса, екінші жағынан: «Alma» – Алматы және «Río» – Розарио қалаларының алғашқы-соңғы буындарынан алынған. Ескерткіш Димаштың жанкүйерлерінің қайырымдылық жинағының арқасында жасалады. Ескерткіштің ашылуы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dimashnews.

Так же вам может быть интересно