Мессиді озып кетті: Криштиану Роналду әлемдегі ең көп ақша төленетін футболшыға айналды

⚽ Спорт
22.09.2021
Просмотров: 117

Forbes-тың мәліметінше, 36 жастағы португалиялық форвардтың  жалпы табысы $125 млн құраған, оның $70 млн – жалақы, қалған $55 млн – жарнамалық келісімшарттар.

Айта кетейік, Роналду – «Алтын доптың» бес дүркін иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Ұлттар лигасының жеңімпазы. «Манчестер Юнайтед» құрамында ойнап жүріп, Англияның үш дүркін чемпионы атанды. Ең бай футболшылар рейтингінің екінші орнында Лионель Месси жайғасты. Оның табысы $110 млн құрады. ТОП-үштікке Неймар кірді. Оның табысы $95 млн.

Дереккөз: Forbes 

Фото: Getty Images

Так же вам может быть интересно