Мексикада альпинистер үйсіз итті құтқару үшін елдің ең биік шыңына шықты
Канело атты ит туристерге еріп, Орисаба жанартауына аттанған. Бірақ қайтар жолда серіктерінен қалып қойып, шыңнан түсе алмай қалған.
Осылайша Канело бір ай бойы тауда жалғыз жүруге мәжбүр болды. Бұл оқиғаны білген Желі қолданушылары арнайы экспедиция жасақтауға ат салысады. Нәтижесінде 30 альпинистен құрылған топ 5600 метрден астам биіктікке көтеріліп, Канелоны құтқарып үлгірген. Енді қайсар итке оның иесі болуға дайын адам іздестіріліп жатыр.
Дереккөз: Daily Mail