Меган Маркл Hermès шарфымен бірге $15 тұратын ұн қабынан жасалған сөмкені ұстап жүр
Фотографтар Сассекс герцогинясы жұбайы Гарри ханзадамен ұшақтан шыққан сәтін түсіріп алған. 42 жастағы Меган Маркл барлығын ерекше талғамымен таң қалдырды.
Меганның аксессуары бар болғаны $15 (7 мың теңге) тұрады. Десе де ол $1218 (585 мың теңге) тұратын Hermès орамалымен керемет жарасып кетті. Меганның арқасында «Cream of the Islands» деп жазылып тұрған ұн қабынан қайта өңделген сөмке толығымен сатылып кетті. Ал A&B Boutique бренді жаңа тапсырысты орындағанша, сатылымды тоқтатуға мәжбүр болды.
Дереккөз: Page Six