Мәскеуде қыз-келіншектерді мадақтаушы вакансиясы ашылды

⌚ Lifestyle
30.12.2021
Просмотров: 109

Ерекше қызметкер HeadHunter сайтында іздестіріліп жатыр. Оның басты міндеті – әшекейлер сататын бутикті аралап жүріп, келген нәзік жанды тұтынушыларды мақтау.

Үміткерге қойылатын басты талап — әрқашан жақсы көңіл-күймен жүріп, ұқыпты киіну. Ал жұмыс тәжірибесінің болуы маңызды емес. Мадақтаушының айлық жалақысы — 80-150 мың рубль (480 мыңнан 900 мың теңгеге дейін). Қызметкерге шетелдік курортта демалыс, фитнес-орталыққа жазылу, психолог пен стилист ақысын қамтитын әлеуметтік пакет ұсынылады.

Метки: Мәскеу

Так же вам может быть интересно