Маңғыстауда 5 миллион еуроға жасанды жаңбыр жаудырады

🇰🇿 Новости Казахстана
14.10.2021
Просмотров: 137

Ерекше құрылғылар Құрық, Жетібай, Шетпе және Сайын ауылдарында тестіленуде. Алдын ала жүргізілген есептеулер бойынша, жаңбырдың көлемі үш есеге артады.

Жобаны жүзеге асыруға жекелеген инвесторлар қаражат бөлуде.

«Технология атмосфералық ауаны иондауға негізделген. Ол атмосферада кішігірім тоқтар жасауға мүмкіндік береді және ауа массаларын жылжытады»,

— деп түсіндірді мамандар. Айта кетейік, биыл жазда Біріккен Араб Әмірлігінде 50 градус ыстықта жасанды жаңбыр жауды. Онда бұлттардағы электр разрядтары арқылы жаңбыр тудыруы мүмкін дрондар қолданылды.

Дереккөз: 24.kz 

Так же вам может быть интересно