Мальдивте жалаң аяқ жүріп, кітап сататын қызметкер іздестіріліп жатыр: айлығы 360 мың теңге
Жұмыс орны люкс қонақ үйлері жайғасқан Кунфунаду аралында ұсынылып отыр.
Бұл аралда аяқ киім киюге және жаңалықтарды оқуға тыйым салынған. Демалушыларды табиғатқа, жерге жақын болуға шақырады. Үміткерге қойылатын басты талаптар: жылы шырайлы, шығармашылыққа жақын болу, және кітап оқуды жақсы көру. Қызметкер демалушыларға оқуға тұрарлық кітап тізімін жасап, сатуы керек болады. Айлығы — $750 (шамамен 360 мың тенге). Ағылшын тіліндегі түйіндемені 13 тамызға дейін жіберу керек.