Маймылдарға арналған фуршет: Таиландта ерекше фестиваль өтті

✈️ Путешествия
29.11.2021
Просмотров: 139

Жыл сайын Банкогтың жанында орналасқан Лопбури қаласында маймылдардың құрметіне банкет ұйымдастырылады. Жануарлар үшін үлкен үстел жайып, оны неше түрлі жемістермен толтырады.

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Пра Пранг Сам Йот храмының алдында жүздеген маймылдар жиналады. Әдетте фестиваль барысында макакалар 4 тонна жеміс-жидекті жеп бітіреді. Оның ішінде балғын банан, алма, қарбыз, дуриан және басқалары бар. Сондай-ақ үстелде минералды су, сүт, шырын да болды. Биыл мерейтойға мыңнан астам маймыл келді. Фестиваль 1980 жылдан бері өткізіледі.

Дереккөз: Вокруг Света 

Так же вам может быть интересно