Махаббат жасқа қарамайды: 24 жасар АҚШ тұрғыны 61 жастағы сүйіктісіне ұсыныс жасады!
Коран МакКейн мен Шерил МакГрегордың кездесіп жүргендеріне 1 жыл болды. Олар жігіт жұмыс істеп жүрген кафеде танысқан.
Коран Шерилдың би билеуді ұнататынын білгеннен кейін, Тик Токқа видео түсіруді ұсынған. 37 жас айырмашылығына қарамастан олардың достығы романтикалық қарым-қатынасқа айналды. Қазір ерекше жұп Тик Ток жұлдыздары. Шерил мен Коранның видеолары миллиондаған қаралым жинайды.
Дереккөз: Medialeaks