Made in Korea: Биыл Netflix-те рекордтық 25 оңтүстіккореялық киножоба шығады
«Кальмар ойыны» сериалының отанынан шыққан контентке 2022 жылы $500 млн бөлінген.
Стримингтік сервис мұнымен шектелейін деп отыррған жоқ.
«Біз әлемге «Кореяда жасалған» деген сөз «Жақсы жасалған» дегенді білдіретінін дәлелдейміз»,
— деді Netflix өкілдері. Жаңа жобалардың ішінде «Қағаз үй» испаниялық сериалдың адаптациясы. Онда басты рөлдің бірін «Кальмар ойынының» жұлдызы Чхо Сан Вооның рөлін сомдаған актер Пак Хэ Су ойнайды.