Лондонда Бэнксидің жаңа туындысы қойылғанына бір сағат өтпей-ақ ұрланып кетті

📚 Культура
25.12.2023
Просмотров: 216

Граффитиде сегізбұрышты STOP жол белгісінің үстінде ұшып бара жатқан үш әскери дрон бейнеленген. Бэнкси авторлығын растағаннан кейін граффити жарты сағаттың ішінде жоғалып кетті.

Кетіп бара жатқан адамдар ұрлық үстінен түсіп, бейнероликті интернетке жүктеген. Суретшінің туындылары талай мәрте аукциондарда жүз мыңдаған және миллиондаған долларға сатылған. Дегенмен Бэнксидің ұрланған жұмысын әлемге танымалдығы мен ұрлаудан туындаған резонанс салдарынан сату оңайға соқпайды, деп жазады Казинформ.

Так же вам может быть интересно