Лайфхактарды жоққа шығаратын Хаби Лейм Tik-Tok-тағы ең танымал блогер атанды
Италиялық тиктокердың жазылушыларының саны 142,7 млн-ға жетті. Бұл әлеуметтік желінің бұрынғы көшбасшысы — америкалық Чарли Дамелиодан 400 мың адамға көп.
Дамелио Tik-Tok-тағы ең танымал блогер атағын 2020 жылдан бері иеленіп келді. 18 жастағы қыздың байлығы $17,5 млн-ға бағаланады. Ал Хаби Тик-Токта видео түсірмес бұрын Туриндегі фабрикада жұмыс істеген. Алайда пандемия басталғаннан кейін жұмыссыз қалды. Хаби Лейм Тик-Токтағы лайфхактарды жоққа шығаратын үнсіз видеоларымен танымал болды.
Дереккөз: Forbes
TikTok/khaby.lame
charlidamelio