Күзгі Алматы: Опра Уинфридің жобасы жариялаған видео миллиондаған жазылушыларды тәнті етті

Алтын түсті жапырақтарға көмкерілген Алматыдағы керемет көрініс танымал америкалық тележүргізушінің Oprah Daily жобасының Instagram-дағы парақшасында жария болды.
Оның 2 миллионға жуық жазылушылары бар. Желі қооданушылары алтын күз бейнеленген видеоға тәнті болып, бұл қай жерде деп сұрап жатыр. Бейнежазбаның авторы — қазақстандық видеооператор Анзор Гасаев. Ол видеоны дрон арқылы 5 минутта түсірген.
Дереккөз: Tengrinews