Кселл «OGO Bonus» бағдарламасы аясында 1 млн теңге жүлде қоры бар ұтыс ойынын жариялады

🇰🇿 Новости Казахстана
16.11.2023
Просмотров: 388

15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында 40 жолы болғыш адам 25,000 OGO бонустан алады.

OGO Bonus адалдық бағдарламасы — мобильді телефон теңгерімінен де, виртуалды OGO карта төлемдерінен де бонустарды жинау мен жұмсау мүмкіндігі.

Теңгерімнен төлемдерді Kcell/activ супер қосымшасында ҚР 23 қаласында қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлегенде (айтпақшы, Кселл абоненттерді жол ақысы үшін сыйақы төлейтін жалғыз компания болып табылады), ойын аккаунттарын толықтырғанда, ойын немесе контент сатып алғанда жүргізуге болады. Бағдарламаның бірегейлігі — жинақталған бонустарды достар мен туған-туыстарға аудару мүмкіндігі. Бүгінде OGO Bonus бағдарламасына 400,000 қатысушы қосылды.

«Сондай-ақ, шығарылған OGO карталардың саны 250,000-нан асып түскенін қуана хабарлаймыз, бұл біздің асыл клиенттеріміздің біздің өнімдерімізге берген сенімі мен қалауларын көрсетеді. OGO карта — бұл тек қаржы құралы ғана емес, сондай-ақ «OGO Bonus» адалдық бағдарламасы ұсынған көптеген бірегей артықшылықтардың кілті»,

— деп атап өтті Кселл цифрлық сервистер басшысы Сергей Коптик.

OGO Card цифрлық картасы байланыссыз транзакциялар мен ApplePay немесе GooglePay сервистерін қоса алғанда, қолайлы әдістерді пайдалана отырып, әлемнің кез келген нүктесінде төлемдерді жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндіктер береді. OGO карта — шетелдегі қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін OGO бонустар (мысалы, AliExpress) есептелетін ҚР-дағы карточкалық өнімдердің бірі. Картаның иелері Mastercard халықаралық төлем жүйесі ұсынатын барлық артықшылықтарды, оның ішінде түрлі сауда-сервистік кәсіпорындардағы компания серіктестерінің акциялары мен арнайы ұсыныстарын пайдалана алады.

«Кселл» АҚ баспасөз қызметі

Метки: Kcell

Так же вам может быть интересно