Криштиану Роналду демеушілердің сусынын алып тастауды трендке айналдырды

⚽ Спорт
18.06.2021
Просмотров: 159
ronaldo cola

Оқиға бірер күн бұрын Еуро-2020 аясында өткен пресс-конференция кезінде орын алды. Португалиялық футболшы алдында тұрған екі Coca-Cola бөтелкесін алып тастап, судың бөтелкесін көрсеткен.

Осыдан кейін оның әрекетін италиялық Мануэль Локателли мен француз Поль Погба қайталады. Ал украиналық Андрей Ярмоленко керісінше демеушілердің барлық сусындарын алдына қойып, «Мен Роналдуның Coca-Cola-ны алып тастағанын көрдім. Ал мен оны керісінше алдыма қоямын. Менімен хабарласыңдар», — деп қалжындаған.

https://twitter.com/jjuli_24/status/1405294027491184644?s=20

https://twitter.com/jjuli_24/status/1405294027491184644?s=20

Еске салайық, Роналдуның әрекетінен кейін танымал сусын шығарушы компаниясының акциялары төмендеп, оған $4 млрд шығын келтірілген.

Фото:Getty Images

Так же вам может быть интересно