Кришитану Роналду Coca-Cola-ны ішкісі келмей, компанияға $4 млрд шығын келтірді

⚽ Спорт
16.06.2021
Просмотров: 131
криштиану роналду кола

Оқиға Португалия мен Венгрия арасындағы матчтың алдында өткен пресс-конференция кезінде орын алды. Салауатты өмір-салтын ұстанатын 35 жастағы футболшы Coca-Cola бөтелкесін ысырып тастап, су құйылған бөтелкені көтерген. Криштиану осылайша Кола емес, су ішкен дұрыс екенін білдірген.

Оқиғадан кейін жарты сағат өтпей-ақ Еуро-2020 чемпионатының демеушісінің акциялары 1,6%-ға түсіп кеткен. Сөйтіп Coca-Cola-ның құны $242 млрд $238 млрд түсіп кеткен.

Десе де, сарапшылар бұл екі оқиғаның бір-біріне еш қатысы жоқ деп отыр. Мамандардың айтуынша, кеше Coca-Cola-ның дивиденд беретін күні болған. Сондықтан акцияның төмендеуі жоспарлы түрде өткен.

Дереккөз: Sports.ru

Так же вам может быть интересно