Крис Эванс жеті жылдан кейін істен шыққан телефонын жоқтап, досынан айырылғанын айтты

💎 Селебрити
27.06.2022
Просмотров: 107

Капитан Америка ролінің орындаушысы Инстаграмда IPhone 6s смартфонының фотосын жүктеп, «Қош бол, досым!» — деп жазды.

«Біз екеуіміз жақсы жұмыс істедік. Мен сенің «Үйге» деген батырмаңды сағынам. Бірақ сапасы нашар фото мен аккумулятордың тез отырып қалуын сағынбаймын. Мұны ұмыту мүмкін емес»,

— деп жазды Эванс. Ал актердің жанкүйерлері оның жеті жыл бойы ескі смартфонмен жүргеніне күмәнданып отыр.

Крис Эванстың Инстаграмдағы фотоларына қарасақ, сапасы шынымен де нашар. Сондықтан оның 2015 жылдан бері смартфонын ауыстырмағаны шындыққа жанасады.

Фото: Instagram/@chrisevans

Метки: Крис Эванс

Так же вам может быть интересно