Көлсай көлдері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік желісіне енгізілді
Мұндай шешім «Адам және биосфера» халықаралық үйлестіру кеңесінің 33-сессиясында қабылданды. Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО ұлттық желісінің Қазақстандағы биосфералық резерват саны 13-ке жетті.
Бұл көрсеткіш Орталық Азияелдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. ЮНЕСКО сайтында «Көлсай көлдері» биосфералық қорығы, Альпі белдеуінің мұзды шыңдарына дейін көтерілетін бірегей дала ландшафттарымен, каньондармен, өзендермен және көркем көлдермен ерекшеленеді деп жазылған.
Дереккөз: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі