Көрермендер енді кино мен сериалдардағы тауарларды сатып ала алады
Screen Reality атты интерактивті қызметті Microsoft-пен бірігіп Тимур Бекмамбетовтың Bazelevs компаниясы ұсынып отыр.
Ол арқылы кино тамашалап отырған көрермендер онлайн-дүкеннен ұнаған тауарды сатып ала алады. Әзірге қызмет тестілеуден өтуде және онда тек бірнеше бренд қатысады. Айта кетейік, осыған ұқсас қызмет жақында YouTube-те пайда болды. Көрермендер үшін видеода ұнап қалған кез келген затты сатып алу қызметі іске қосылды.
Дереккөз: Коммерсантъ