Ким Кардашьян миллиардер атанды

💎 Селебрити
07.04.2021
Просмотров: 219

KKW Beauty атты косметикалық бренд пен Skims ішкі киімдерінің арқасында кәсіпкердің байлығы 1 миллиард долларға жетті!

Осылайша реалити-шоу жұлдызы жаңартылған Forbes рейтингінің миллиардер тізіміне кірді. Айта кетейін, былтыр қазанда Кардашьянның байлығы 780 миллион долларға бағаланған болатын. Ким сіңілісі Кайли Дженнерден үлгі алып, косметикалық бренд ашқаны оның табысын еселеді.

2016 жылы Forbes мұқабасына шыққан Ким «Еш таланты жоқ қыз үшін жаман емес» деп айтқан еді.

Так же вам может быть интересно