Қытайда жабайы пілдерге арналған «фуд-корт» пайда болды

🌐 В мире
15.09.2021
Просмотров: 157

Юньнань провиницясының 670 мың шаршы метр жерін жануарлардың сүйікті тағамдарымен толтырып қойды. Оның ішінде 38 мың банан ағаштары мен пілдердің ағзасына қажетті минералдарға толы тұзды суы бар тоғандар бар.

«Фуд-корт» құрылысы жарты жылға созылып, 15 миллион доллар қаржы қажет еткен. Қытай билігінің мұндай шешім қабылдау себебі – пілдер миграция кезінде фермерлердің өнімдеріне зиян келтіреді екен.

Миграция кезінде ұзақ жолдан кейін шаршап, ұйықтап жатқан пілдер

Дереккөз: South China Morning Post

Так же вам может быть интересно