Қытайда ең ұсқынсыз ғимарат байқауы өтіп жатыр
Байқауды осымен 11 рет архитектураға арналған сайт ұйымдастырып отыр. Биыл «Ең ұсқынсыз ғимарат» атауына 87 үміткер бар.
Сианьда орналасқан балалар орталығын қала тұрғындары құмырсқаның илеуі, немесе сырға ұқсататып, «бірнеше мың шаршы метрге созылған көріксіздік» деп атап кеткен. Байқаудағы тағы бір үміткер – Маньчжуриядағы матрешка пішіндес қонақ үй мен Фошань қаласындағы скрипка пішіндес шіркеу. Ең ұсқынсыз ғимарат Қытай тұрғындары дауыс беріп болғаннан кейін анықталады.
Дереккөз: Ридус