Қымыз, құрт және түйе еті: қазақстандық әскерилердің ас мәзіріне ұлттық тағамдар қосылды
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде мәлімдеді. Ас мәзіріне өзгертулер әскерилердің тамақтану сапасын жақсарту мақсатында енгізіліп отыр.
Олардың рационына қосымша жылқы, қой, түйе, үйрек, қаз және балық еттері кірді. Еске салайық, 1 қыркүйектен бастап мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шаралары басталады. Жыл соңына дейін әскер қатарын 17 мыңға жуық жас жігіт толықтырады.