Қисық және шұбар: Испанияда «ең ұсқынсыз қызанақ» байқауы өтті
Ерекше іс-шара Тудела қаласында осымен 14-ші рет өткізіліп жатыр. Байқауда Испанияның түпкір-түпкірінен келген фермерлер ең ұсқынсыз қызанақтарын көрсетті.
Қызықты сайыста Марисоль Диез бен Висенте Мартинес есімді ерлі-зайыпты жеңіп шықты. Олар мұндай қызанақты арнайы өсірмеген және сайыста жеңімпаз атанатын ойламаған екен. Ұсқынсыз қызанағы озып шыққан фермерлерге сыйлық ретінде испаниялық дәстүрлі тағам — сүрленген ет — хамон берілді.
Дереккөз: Мир24