Қазақстанның бокс федерациясы жүлдемен оралған спортшыларға қомақты сыйақы береді

⚽ Спорт
08.11.2021
Просмотров: 195

Боксшылар алған жүлделі орынына қарай $70 000, $50 000 және $30 000-нан алады.

«Қазақстан әлемнің қуатты елдері қатарында болды және әркез бола береді!»

– деп мәлімдеді федерация. Оған қоса, Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы бірінші, екінші, үшінші орынды жеңіп алған спортшыларға $100 мың, $50 мың және $25 мың сыйақы береді. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен $15 000, $7000 және $5000  сыйақы қарастырылған. Осылайша, алтын медаль иегерлері Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов $185 мың, немесе 79,4 млн теңге сыйақы алады. Күміс жүлде иегерлері Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржановтың сыйақысы $107 мың, немесе 45,9 млн теңгені құрады. Ал қола медаль жеңіп алған Абылайхан Жүсіповтың сыйақысы — $60 мың, немесе 25,7 млн теңге. Еске салайық, Белградта өткен Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 5 медаль жеңіп алып, жалпы медаль есебінде екінші орынға шықты.

Дереккөз: Vesti.kz 

Так же вам может быть интересно