Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғынының отбасына 1 миллион тенге табысталды

🇰🇿 Новости Казахстана
04.08.2021
Просмотров: 111

Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев Жания Азаматқызының ата-анасын жеке құттықтау үшін барды. 

Ақшалай сертификаттан бөлек отбасыға нәрестеге арналған арба, балаға күтім жасауға арналған заттар мен жеміс-жидек салынған себет табысталды. Ал Жанияның екі үлкен әпкесі смартфонды сыйға алды. Еске салайық, Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлаған болатын.Ұлттық статистика бюро есебі бойынша, Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны 2021 жылдың 20 маусымында дүниеге келген. 35 жастағы Назгүл Көбентаева мен 39 жастағы Азамат Нұрғалиев Жаниядан басқа 3 баланы өсіріп отыр.

Дереккөз: Tengrinews 

Фото: Айнаш Ондирис

Так же вам может быть интересно