Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғынының отбасына 1 миллион тенге табысталды
Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев Жания Азаматқызының ата-анасын жеке құттықтау үшін барды.
Ақшалай сертификаттан бөлек отбасыға нәрестеге арналған арба, балаға күтім жасауға арналған заттар мен жеміс-жидек салынған себет табысталды. Ал Жанияның екі үлкен әпкесі смартфонды сыйға алды. Еске салайық, Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлаған болатын.Ұлттық статистика бюро есебі бойынша, Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны 2021 жылдың 20 маусымында дүниеге келген. 35 жастағы Назгүл Көбентаева мен 39 жастағы Азамат Нұрғалиев Жаниядан басқа 3 баланы өсіріп отыр.
Дереккөз: Tengrinews
Фото: Айнаш Ондирис