Қазақстаннан Шри-Ланкаға тікелей рейстер ашылады

✈️ Путешествия
28.10.2021
Просмотров: 126

3 желтоқсаннан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы-Коломбо бағыты бойынша аптасына екі рет рейс орындайтын болады. Сейсенбі және жұма күндері. Ұшу уақыты – 6,5 сағат.

Екі жаққа ұшу эконом-класс билеттерінің құны 220 мың теңгеден басталады.  Шри-Ланкаға бару үшін барлық жолаушы ұшуға дейін 72 сағат ішінде жасалған ПТР тестінің теріс нәтижесін көрсетуі қажет. Анықтама 2 жастан асқан балаларда да болуға тиіс. Вакцина салдырған жолаушылар ұшу кезінде ПТР анықтамасы және басқа да карантин талаптарынан босатылады.Шри-Ланкаға кіретін барлық вакцина салдырмаған саяхатшылар үшін карантин кезеңі — 14 күн. Ол карантин орталығында немесе 1-деңгейлі Safe&Secure карантинге арналған қонақүйде өтеді.
Дереккөз: Спутник 

Так же вам может быть интересно