Қазақстаннан Шри-Ланкаға тікелей рейстер ашылады
3 желтоқсаннан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы-Коломбо бағыты бойынша аптасына екі рет рейс орындайтын болады. Сейсенбі және жұма күндері. Ұшу уақыты – 6,5 сағат.
Екі жаққа ұшу эконом-класс билеттерінің құны 220 мың теңгеден басталады. Шри-Ланкаға бару үшін барлық жолаушы ұшуға дейін 72 сағат ішінде жасалған ПТР тестінің теріс нәтижесін көрсетуі қажет. Анықтама 2 жастан асқан балаларда да болуға тиіс. Вакцина салдырған жолаушылар ұшу кезінде ПТР анықтамасы және басқа да карантин талаптарынан босатылады.Шри-Ланкаға кіретін барлық вакцина салдырмаған саяхатшылар үшін карантин кезеңі — 14 күн. Ол карантин орталығында немесе 1-деңгейлі Safe&Secure карантинге арналған қонақүйде өтеді.
Дереккөз: Спутник