Қазақстандықтарды жұмысқа қажетті анықтамалардан босатады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин құжаттарды жұмыс берушіге қашықтан жылдам жіберетін жаңа қызмет сынақтан өткізіліп жатқанын жеткізді.
Енді жұмыс берушілер соттылық туралы, психо-наркобақылау анықтамасы мен мекенжайын растайтын құжаттарды өздігінен сұратуға мүмкіндік алады. Ол үшін жұмысқа тұрушының жеке сәйкестендіру нөмірі енгізіледі. Содан кейін жұмысқа орналасып жатқан адамға жеке деректерді бөлісуге рұқсат беру туралы SMS келеді. Ол «Ок» деп жауап берсе, ақпарат жұмыс берушіге жіберіледі.
Дереккөз: Stan.kz