Қазақстандықтар шілдеде қосымша екі күн демалады
6 шілдеде — Елорда күніне орай, және 20 шілдеде мұсылмандардың Құрбан айт мейрамы атап өтіледі.
Үкіметтің қаулысына сәйкес, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 4, 5 және 6 шілдеге сәйкес келеді. Бұл жексенбі, дүйсенбі және сейсенбі күндері. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер үшін 4 және 6 шілде күндері – демалыс. 3 шілде – сенбі – жұмыс күні болады. Сонымен қатар қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, яғни 20 шілдеде демалады. Бұл күн сейсенбіге түсіп тұр. Жалпы шілдеде қазақстандықтар 11 күн демалады.