Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

🇰🇿 Новости Казахстана
22.06.2021
Просмотров: 238

Алдағы айда ел тұрғындары 20 күн жұмыс істеп, 11 демалады. Әдеттегі сенбі және жексенбіден басқа қосымша 2 демалыс күні болады.

6 шілдеде — Елорда күніне орай, және 20 шілдеде мұсылмандардың Құрбан айт мейрамы атап өтіледі. Биыл Елорда күні сейсенбіге түсті, бірақ үкімет үш күн қатарынан демалу үшін жұмыс күнін 5 шілдеден сенбі, 3 шілдеге ауыстырды. Осылайша, қазақстандықтар 4, 5 және 6 шілдеде демалады. Бұл жексенбі, дүйсенбі және сейсенбі күндері. Ал Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, яғни 20 шілде сейсенбіге түсіп тұр.

Так же вам может быть интересно