Қазақстандықтар 2022 жылы қалай демалатыны белгілі болды
Келесі жылы ел тұрғындарында 245 жұмыс күні мен 120 демалыс күні болады. Көптеген мерекелік демалыс 3-4 күнге созылады, ал Наурыз мейрамына 5 күн қатарынан демаламыз.
Ұлыстың ұлы күінен басқа болатын ең ұзақ демалыстар: Жаңа жылда болады — 4 күн; Халықаралық әйелдер күнінде 3 күн, мамырда — Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн және желтоқсанда — Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады. Айта кетейін, 7 қаңтардағы Рождество мейрамы жұмаға түсіп тұрғандықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Ал Құрбан айт сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр. Заң бойынша, діни мейрамдар демалыс күнге түскен жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.