Қазақстандық «Жаным, сен сенбейсің» фильмі Нью-Йорктегі кинофестивальде көрсетіледі

🎬 Кино
10.08.2021
Просмотров: 168

Отандық картинаның Солтүстік Америкадағы премьерасы 12 тамызда өтеді.

Жалпы Нью-Йорктегі азиялық кинофестивальде  60 картина көрсетіледі. Еске салайын, Ернар Нұрғалиевтің «Жаным, сен сенбейсің» фильмі жас жұбайлардың арасындағы отбасылық ұрыстан басталады. Басты кейіпкер Дастан ашуын басу үшін достары – сәтсіз кәсіпкер мен учаскелік полицеймен бірге балық аулауға қашып кетеді. Міне, қызықтың бәрі осы сәттен басталады. Режиссердің айтуынша, бұл күлкілі, драйвқа толы фильм. Айта кетейін, «Жаным, сен сенбейсің» ресейлік «Киношок-2020» кинофестивалінде бірден үш номинацияда жеңімпаз атанған еді.

Дереккөз: Tengrinews 

Так же вам может быть интересно