Қазақстандық түлектерге бітіру кешін ұйымдастыруға рұқсат берілді
Дәстүрлі іс-шара қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін 12-14 маусым аралығында өтеді. Басты талап – бітіру кеші ашық аспанда өтуі шарт.
Шағын мектептерде бітіру кештерін барлық сыныптар үшін бір уақытта өткізуге болады. Ал бітірушілердің саны көп болған жағдайда іс-шараны бөліп өткізуге рұқсат берілді. Сонымен қатар, басты санитарлық талаптар орындалуы тиіс, яғни маска режимі мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау шарт.
Дереккөз: Sputnik