Қазақстандық тиктокер жазылушылар саны бойынша ресейлік жұлдыздарды басып озды
Әлеуметтік желіде Хомяк лақапатымен танылған 18 жастағы алматылық Алина Ким ТМД-дағы ең танымал тиктокер қыз атанды. Бүгінде оның 27,6 миллионнан астам жазылушылары бар.
Ол ресейлік танымал тиктокерлер Дина Саева (23,5 млн) мен Карнавалды (19,8 млн) артта қалдырды. Қазақстандық тиктокердің алдында 32 миллион оқырманы бар Кирилл Колесников қана тұр.
«Бүгін мен ТМД-да бірінші болдым. Бұл жаңалық мені жігерлендіреді. Мақсатыма жақындап келе жатырмын»,
— деді Хома.
Дереккөз: Tengrinews