Қазақстандық полицейлер кроссовка мен берц киетін болды
Жалпы жыл соңына дейін патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар жаңа формаға ауысады. Бұл туралы Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, көшеде жұмыс істейтін полиция қызметкерлері үшін ыңғайлы, әрі қауіпсіз форма болуы тиіс. Мысалы, түнгі уақытта оларды алыстан көруге мүмкіндік беретін шағылысатын элементтер қарастырылған. Десе де, «Кісінің кісілігі, Киімінде емес, білімінде», — демекші, Ішкі Істер министрлігінің алдына қойған басты мақсаты — білім деңгейі – полицейдің мәртебесін және халық алдындағы жауапкершілігін арттыру.