Қазақстандық өрт сөндіруші кикбоксингтан әлем чемпионатында қола жүлдегері атанды
26 жастағы Берік Қалықов Семейдегі өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істейді. Мектепте оқып жүргеннен бері ол кикбоксингпен белсенді айналысып келеді.
15 мен 24-ші қазан аралығында Италияда өткен чемпионатта 65 елден келген 1600 спортшы қатысқан. Айта кетейін, Берік өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істегеніне 5 жыл болды. Осы уақыт ішінде ол 13 өртті ауыздықтап, 20 адамды құтқаруға үлесін қосып үлгерді.
Дереккөз: Tengrinews