Қазақстандық «Мыстан» веб-телехикаясы халықаралық байқауда арнайы жүлдеге ие болды

🎬 Кино
03.08.2021
Просмотров: 176

Ресейлік Realist Web Fest веб-контент фестивалінің төрешілері оның маңызды әлеуметтік мәселелерді көтергенін атап өтті. Жалпы байқауға Ресей, Бразилия, Швейцария, Франция, Италия және басқа мемлекеттерден 40-тан астам туынды қатысты.

«Мыстан» веб-телехикаясында Қазақстандағы әйелдер құқығы жайлы айтылаған. Оның басты кейіпкерлері – сатқындыққа ұшыраған үш қыз. Өмірде өз жолын таба алмай жүрген арулар бірігіп, кек қайтаруға бел буады. Айта кетейік, телехикаяда басты рөлдердің бірін танымал әнші және актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет сомдаған. Қазан айында “Мыстан” веб-сериалы Испанияның Бильбао қаласында өтетін тағы бір халықаралық фестивальге қатысады.

Дереккөз: RG

Так же вам может быть интересно