Қазақстандық мектептерде домбырада ойнау пәні енгізілуі мүмкін
Қазақстандық мектептерде домбырада ойнау пәні енгізілуі мүмкін! Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова айтты.
Домбырада ойнау пәнін алтыншы сыныптан бастап енгізу ұсынылып отыр. Қазір жаңа оқу бағдарламасы сараптамадан өтіп жатыр.
“Ұлттық құндылықтар – маңызды. Біз өз Отанын сүйіп қана қоймай, оған адал, өз халқы мен Отанының идеяларын, құндылықтарын насихаттайтын адамды тәрбиелеп, өсіруіміз керек”,
– деді Алмагүл Мұхамедханова.
Дереккөз: Stan.kz