Қазақстандық ғалымдар Гиннесс рекордтар кітабына кірді
Атап айтқанда Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нурғожин, және Тимур Салиев, Шынар Танабаева мен Ильдар Фахрадиев деген мамандар.
Олар COVIDSurg Collaborative атты халықаралық бірлестіктің құрамында ғылыми мақаланы жазуға ат салысқан. Ал 15 мыңнан астам маманнан құрылған топ бір мақаланы жазуға қатысқан адамдар саны бойынша рекорд орнатқан. Ғалымдар 116 мемлекеттен 140 мың емделушілерді зерттеп, коронавируспен ауырған адамдар кем дегенде жеті апта бойы ота жасатпағандары дұрыс екенін дәлелдеген.
Дереккөз: КазНМУ