Қазақстандық егіз қыз Түркияның The Voice жобасының қазылар алқасын таңғалдырды

Елордалық Аяна мен Диана Таибековалар қазір Анталияда тұрады. Көрмей тыңдау кезінде олар Jessie J-Price-тың Tag әнін орындап, барлық тәлімгерлерді өзіне қаратты.
Енді қыздар Түркиядағы танымал әнші Мұрат Боз командасында дайындалатын болады. Апалы-сіңлілер Түркияда төрт жылдан бері тұрады. Қыздар туризм саласында жұмыс істейді.