Қазақстандық әлемнің үздік 50 мұғалімі қатарына кіріп, миллион доллар үшін бақ сынайды

🇰🇿 Новости Казахстана
09.09.2021
Просмотров: 203

Асхат Жұмабеков Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінде сабақ береді. Ол заманауи оқыту әдістерін қолданатын прогрессив педагог саналады.

Асхаттың шәкірттері ғылыми жобалар мен халықаралық олимпиада жүлдегерлері. 2019 жылы ол «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының топ-10 мұғалім қатарына енген. Айта кетейін, Global Teacher Prize халықаралық премиясы мұғалімдер үшін Нобель сыйлығымен тең келеді. Асхат Жұмабеков премия тарихында әлемнің топ-50 мұғалімі қатарына кірген алғашқы қазақстандық атанды.

Асхаттың шәкірттері ғылыми жобалар мен халықаралық олимпиада жүлдегерлері

Дереккөз: Tengrinews

Так же вам может быть интересно