Қазақстандағы колледждерде оқу тегін болады
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың мәліметінше, жыл сайын 9-сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқиды. Алайда олардың біразы қаржылық қиындықтарға байланысты оқуын бітірмей, тастап кетеді екен.
Сондықтан жастарды қолдау мақсатында 9-сынып түлектерін 100 пайыз тегін оқумен қамту жоспарлануда. Бұдан бұрын Үкімет басшысы Асқар Мамин 9-шы сыныптан кейін колледжге түскен түлектер 2024 жылдан бастап тегін білім алады деп айтқан еді.
Дереккөз: Stan.kz